Қордай ауылшаруашылық колледжінде, колледж медбикесі Жайнабекова Р.И ұйымдастыруымен, Колледж студенттері арасында нашақорлықтың, ішімдік ішудің және темекі тартудың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шара өткізілді.Іс-шара барысында студенттерге есірткі заттарының адам денсаулығына тигізетін зияны, алкогольдік ішімдіктер мен темекінің ағзаға кері әсері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттерден аулақ болу, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау жөнінде кеңестер берілді. Студенттерге тақырып бойынша бейнеролик көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.@zhambyl_bilim @zhambyl_tipo_ortalygy @talap.edu.k