🧑‍🏭 «ӨНДІРІСТЕГІ 10 КҮН» | 5-КҮН — МЕНІҢ КӘСІБИ ДАҒДЫЛАРЫМ

«Өндірістегі 10 күн» акциясы аясында Қордай ауылшаруашылық колледжінің «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша ЭД-324 тобының 3-курс білімгері Әлиахмет Нұрдулығат Нұрболұлы металл қоқыс жәшігін жасау арқылы кәсіби дағдыларын тәжірибе жүзінде көрсетті.

Жұмыс барысында білімгер металл дайындамалардың өлшемдерін анықтап, белгілеу жұмыстарын жүргізді. Дайындамалардың бетін тоттан және ластанудан тазартып, қажетті өлшем бойынша кесуге дайындады. Металл бөлшектерді белгіленген қалыпта орналастырып, бұрыштарының дұрыстығын тексеріп, қысқыштармен бекітті.

Өндірістік тәлімгердің бақылауымен бөлшектер алдымен қармау тігістерімен біріктірілді. Содан кейін қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, негізгі дәнекерлеу жұмыстары жүргізілді. Дәнекерлеу аяқталғаннан кейін тігістер қождан тазартылып, бұрыштық тегістеуіштің көмегімен тегістелді.

Жұмыс соңында дайын металл қоқыс жәшігінің пішіні, орнықтылығы және дәнекерлеу тігістерінің сапасы тексерілді. Бұл тапсырма білімгерге металды өлшеу, белгілеу, дайындау, бөлшектерді біріктіру, дәнекерлеу және тігістерді өңдеу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді. ⚙️🔥

Өндірістік тәжірибе «Жетібаев» жеке кәсіпкерлігінде, кәсіпорын басшысы Жетібаев Жәнібек Аликұлының және колледждің өндірістік оқыту шебері Нүсіпов Асхат Жүрерұлының жетекшілігімен өткізілуде.

#Өндірістегі10Күн #5Күн #МеніңКәсібиДағдыларым #10Күн10Дағды #ҚордайАуылшаруашылықКолледжі #ДәнекерлеуІсі #ЭД324 #ЖетібаевЖК #МеталлҚоқысЖәшігі #ДәнекерлеуЖұмыстары #МеталлӨңдеу #ӨндірістікТәжірибе #КәсіптікБілім #ЖұмысшыМамандықтар #КәсібиДағды #ҚауіпсізЕңбек #TalapEduKz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *