Сапар барысында колледж басшылығымен кездесу өткізіліп, білім беру үдерісін жетілдіру, материалдық-техникалық базаны нығайту және студенттердің тәжірибелік даярлығын арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар алдағы уақытта заманауи зертханалық аудиториялар ашу жоспары қарастырылып, олардың білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін дамытудағы маңызы сөз болды.
Жаңа зертханалардың ашылуы студенттердің тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге, заманауи талаптарға сай мамандар даярлауға және еңбек нарығының сұранысына жауап беретін білікті кадрлар қалыптастыруға мүмкіндік береді.
#ҚордайАуылшаруашылықКолледжі#ТехникалықКәсіптікБілім#ЖамбылОблысы#БілімБасқармасы#ЗертханалықАудиторияКәсібиБілімСтуденттер
