Қордай ауылшаруашылық колледжінде Қордай ауданы әкімдігінің кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы Ноғайбай ауылдық округі әкімінің аппаратымен және Полиция бөлімімен бірлесіп, «Зорлық — зомбылық пен буллингтің, интернет қудалаудың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.Қордай ауданы әкімдігінің кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы А.Почуева «Зорлық — зомбылық пен буллингтің, интернет қудалаудың алдын алу» бойынша жеке-жеке тоқталып, түсіндірме жұмысын жүргізді, сұрақ қою арқылы білімгерлердің ойын білді. Колледж психологы М.Нуркеева, Ноғайбай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Е.Ешмұрат, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімнің аға инспекторы Ж. Қосжанова баяндама жасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *