🧑🏼‍🏭 Жұмысшы мамандықтарының жылы: қазақстандық мектептерде 1000 бейіндік сынып ашылады

✍🏻 Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. 📁 Жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру мақсатында Үкімет Жұмысшы мамандықтарының жылын ұйымдастыру жөніндегі республикалық жоспар бекітті, оған қоса Министрлік кәсіптік-техникалық білім Read More …

⚡️ 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі екі есеге ұлғаяды

✔️ ҚР Үкіметінің отырысында Ғани Бейсембаев жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталды. 💰 Оның айтуынша, мемлекет колледждерді қаржыландырудың жаңа нормативін қабылдады.Қазіргі уақытта бір студентті оқытуға бөлінетін қаражаттың орташа мөлшері 437 мың теңгені құраса, келесі оқу жылынан бастап Read More …

Қордай ауылшаруашылық колледжінде 23.12.24-27.12.24ж. аралығында жалпы пәндер бірлестігінің апталығы өтті. Апталық аясында оқытушылар инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданды.Оқушылар сабақтар барысында жасанды интеллект пен нейротехнологияға негізделген тапсырмалар арқылы білім, білік, дағдыларын қалыптастырды.

Қордай ауылшаруашылық колледжінің, ветеринария мамандығы 223/2 тобы, жетекшісі Нұрылдаева Ш.Қ жүргізуімен, КМ3 жұқпалы аурулардың алдын алу пәні бойынша білімгерлермен практикалық сабақтар жүргізілуде. Соңында білімгер практикалық сабақтың нәтижесін көрсетуде.

Қордай ауылшаруашылық колледжінің 3- курс білімгері, Қанихан Айгерім ҒалымқызыНұрылдаева Шарбану Құдайбергенқызының жетекшілігімен «Жас ғалым» ғылыми жобалар облыстық байқауына, «Үй жануарларындағы фасциолез ауруының таралуын және диагностикасын зерттеу» тақырыбында байқауға қатысып 2- орынды иеленеді.

Жамбыл облысының 85 жылдығымен Ноғайбай бидің 190, Балуан Шолақтың 160 жылдығына орай « Мен Алаштың ұлымын » аудандық байқауы өтті. Қордай ауылшаруашылық колледжінің студенттері қатысып, Тұрғын Нұрбек 2 орын иегері атанды және Алиахмет Нұрдулығат « Шымыр жігіт » номинациясына иеленді. Алғыс хатпен колледж директоры Кенжебеков Даурен Уалиевич және жетешкісі Жамбырбай Айзада Шорабекқызы марапатталды.

Жамбыл облыс әкімдігінің білім басқармасының қолдауымен. Қордай ауылшаруашылық колледжінің директоры Д.У.Кенжебеков Беларусь мемлекетінің Республикалық кәсіптік білім беру институтының (РИПО) ұйымдастыруымен “Аграрлық секторда кадрлар даярлауды жетілдіру” тақырыбында өткен іс-шараға қатысты.Кездесу барысында РИПО ректоры В.Н ГолубовскименБеларусия мемлекетінің алдынғы қатарлы колледждердің базаларымен және оқу- тәжірибелік процесстерімен танысты.Сонымен қатар, іс сапар барысында, екі елдің кәсіптік оқу орындарының арасында Қордай ауылшаруашылық колледжі мен Смилович мемлекеттік аграрлық колледж арасында халықаралық меморандумға қол қойылды.