Хабарландыру
«Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Қордай ауылшаруашылық колледжі» КОНКУРС жариялайды: Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.kz», сайтына жарияланады. Конкурсқа құжат қабылдау ағымындағы жылдың 21.08-29.08.2025 күндері Read More …
19.06.25 жылы «Дәнекерлеу ісі» мамандығының 3 курс білімгерлері *демонстрациялық емтиханға* қатысып, өздерінің кәсіби дағдылары мен шеберліктерін көрсетті.✍️ Теория мен практиканы ұштастырып, нақты өндірістік жағдайға бейімделген тапсырмаларды сәтті орындай алды.
26.05.25 жылы «Агрономия» мамандығының 4курс білімгерлері демонстрациялық емтиханға қатысып, өздерінің кәсіби дағдылары мен шеберліктерін көрсетті.✍️ Теория мен практиканы ұштастырып, нақты өндірістік жағдайға бейімделген тапсырмаларды сәтті орындай алды.
Абитуриент — 2025
“Жастар ресурстық орталығы” КММ Қордай ауылшаруашылық колледжімен бірлесіп, жұмысшы мамандықтарды дәріптеу және жастардың кәсіби бағдарын қалыптастыру мақсатында білім алушылар арасында “Менің болашақ мамандығым” атты байқау ұйымдастырды.
Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізілді және жастардың еңбекке деген ынтасын арттыруға, таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілігін оятуға бағытталды. Байқауға колледждің “Мал дәрігері”, “Агроном”, “Дәнекерлеу” мамандықтарында оқитын білім алушылар қатысты. Қатысушылар өз білімдерін, кәсіби дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, байқаудың мазмұнын Read More …
Қордай ауылшаруашылық колледжінде🚨Жамбыл облысының полиция департаментінің 2025 жылғы 9 сәуірдегі №1-5/1-4-40/2185-И хатына сәйкес, Жамбыл облысы аумағында ағымдағы 2025 жылдың 10 сәуірі мен 6 мамыр аралығында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу аясында “Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын — алу ”атты тәрбие сағаттары өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауына 2025 жылы «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп жариялады. Бұл бастама жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар білікті кадрларды даярлауға бағытталған. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Ноғайбай ауылында орналасқан Қордай ауылшаруашылық колледжінде «Мамандығым-мақтанышым» атты семинар өтті. Мамандықтар бойынша «Ветеринария», «Агрономия», «Ауылшаруашылық механикаландыру», «Дәнекерлеу ісі», «Зоотехния», «Электр жабдықтары» және серіктестіктер мен біріккен жұмыстар атқарылды.
1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз!Бейбітшілік пен келісім, достық пен ынтымақтастық мерекесі құтты болсын!Елімізде әрқашан татулық орнап, халқымыздың бірлігі берік болсын!Баршаңызға денсаулық, мол бақыт, баянды өмір және ашық аспан тілейміз!Бірлігіміз – берекеміз, ынтымағымыз – ырысымыз болсын!
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Құрметті отандастар! Қазақстан халқының бірлігі мерекесі құтты болсын! Бұл – мемлекетіміз үшін айрықша мәні бар мейрам. Жұртымыз ортақ құндылықтарға негізделген жасампаз мақсаттарға жету жолында бар күш-жігерін жұмылдырып, болашаққа сеніммен қадам басып келеді. Кең байтақ жерімізде түрлі этнос өкілдері өзара келісімде, Read More …
