“Жастар ресурстық орталығы” КММ Қордай ауылшаруашылық колледжімен бірлесіп, жұмысшы мамандықтарды дәріптеу және жастардың кәсіби бағдарын қалыптастыру мақсатында білім алушылар арасында “Менің болашақ мамандығым” атты байқау ұйымдастырды.

Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізілді және жастардың еңбекке деген ынтасын арттыруға, таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілігін оятуға бағытталды. Байқауға колледждің “Мал дәрігері”, “Агроном”, “Дәнекерлеу” мамандықтарында оқитын білім алушылар қатысты. Қатысушылар өз білімдерін, кәсіби дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, байқаудың мазмұнын байыта түсті.

Байқау нәтижесінде келесі номинациялар бойынша үздік білім алушылар анықталды: “Шебер қолдар иесі”, “Болашақ шебер”, “Кәсіп иесіне құрмет”. Жеңімпаздар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, жастардың мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауына және кәсіби қалыптасуына зор ықпал етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *