Мансап және кәсіптік бағдар беру жұмысы орталығы Қордай ауылшаруашылық колледжі құрылымдық бөлімшесі болып табылады және колледж Жарғысына сәйкес жұмыс істейді. Орталықтың қызметі студенттерге кәсіби тәжірибеден өтуге және түлектерді жұмысқа орналастыруға көмектесуге бағытталған.
Орталықтың миссиясы; Студенттің , түлектің, маманның тиімді мансаптық жолын қалыптастыру және жүзеге асыру,болашақ кәсіби қызмет саласындағы өзін-өзі анықтау және мамандық таңдау үрдісінде оқушыларға кәсіби бағдардағы демеушілік көрсету.
Орталықтың қызмет мақсаты;
– студенттің, түлектің маманның мансаптық өсуіне және кәсіби дамуына ықпал ететін тиімді жүйені құру;
-Еңбек нарығына талап етілетін студенттердің «Soft Skills» дағдыларын қалыптастыру;
– еңбек нарығының талаптарына сәйкес түлектің және маманның кәсіби шеберліктерін дамыту үшін жағдайлар жасау.
Орталықтың міндеттері;
-Мамандарға қажеттілікті ескере отырып, мамандық таңдауға көмек;
-Өңірдегі сұранысқа ие кәсіби кадрларды даярлауға бағытталған кәсіптік бағдар беру іс-шараларын жүргізуде мұғалімдердің, жалпы білім беру мекемелерінің оқушыларының, жұмыс берушілердің, жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері мен басқа да мүдделі тараптардың ата-аналарының белсенді қатысуын көздеу жоспарын жүзеге асыру;
-жұмыс беруші серіктестермен келіссөздер жасау, кәсіптік тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу туралы шарттар жасау;
– БАҚ құралдарына мақала жазу
-колледж студенттерін өндірістік орындарға саяхат ұйымдастыру
-ақпараттану, кәсіптік бағдар және мансапты жоспарлау бойынша білім алушылармен жұмыс жүргізу.
-колледж түлектерінің мансаптық жоспарларын іске асыруғу көмек көрсету;
-түлектерді жұмысқа орналастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
– түлектердің кәсіби дағдылары мен іскерліктерін дамыту үшін, , сондай-ақ олардың еңбек нарығына табысты бейімделуі үшін арнайы курстар мен семинарлар ұйымдастыру;
– тәжірибеден өту орнын таңдауға жәрдемдесу;
Орталықтың құрылымы