Қордай ауылшаруашылық колледжінде🚨Жамбыл облысының полиция департаментінің 2025 жылғы 9 сәуірдегі №1-5/1-4-40/2185-И хатына сәйкес, Жамбыл облысы аумағында ағымдағы 2025 жылдың 10 сәуірі мен 6 мамыр аралығында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу аясында 14 сәуір күні мобильдік топ түнге рейдке шықты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласында әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын Read More …

«Үздік өндірісте оқыту шебері -2025» облыстық кәсіби шеберлік конкурсына қатысушыны анықтау мақсатында колледж ішілік байқау өткізілді.Байқауға қатысушыларының арасынан «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша Иванов В.Г. өз іскерлігімен байқаудың жеңімпазы атанып «Үздік өндірісте оқыту шебері -2025» облыстық кәсіби шеберлік байқауына жіберілді.