“Ауылшаруашылығын механикаландыру” мамандығының апталығы 2026 жылы ақпан айында өтілді.Тақырыбы: Механикаландыру — ауыл дамуының негізі.Мақсаты:1. Білімгерлердің кәсіби қызығушылығын арттыру;2. Техникалық білімді тереңдету;3. Болашақ мамандардың шығармашылығы мен ой-өрістерін дамыту.

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия Қордай ауданы әкімдігі жанындағы нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес жөніндегі комиссиямен бірлесіп, 2026 жылғы 10 ақпанда Қордай ауылшаруашылық колледжінде студенттер мен ата-аналарға арналған «Кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.

Кездесуге Қордай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы, Қордай ауданы полиция бөлімінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобының қызметкерлері, Қордай аудандық орталық ауруханасының нарколог дәрігері, сондай-ақ полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары қатысты.

2026 жылдың 05 ақпанында «Нашақорлық пен есірткіге жол жоқ » тақырыбы бойынша Қордай ауылшаруашылық колледжінде Қордай АПБ-нің ЮПТ УПИ полиция майоры Жамалбеков Е.О. және полиция лейтенанттары Б.Әбдіманапов ,А.Құтжан бірлесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Түсіндірме жұмысының негізгі бағыттары: Құқықтық ақпарат беру. Нашақорлықтың қоғамға, жастар денсаулығына тигізетін зияны. Нашақорлықтың алдын алу жолдары. Тәрбиелік және профилактикалық шараларды күшейту. Қылмыстық жауапкершілік пен оның алдын алу шаралары жөнінде мәлімет беру. Жастар арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау.