Осы бағытта Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” және Ноғайбай ауылдық округ әкімшіліігінің қатысуымен Қордай ауылшаруашылық колледжінің білімгерлері арасында «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау мәдениеті, сондай-ақ құқық бұзушылықтың зардаптары мен оның болашаққа тигізетін кері әсерлері кеңінен түсіндірілді. Арнайы мамандар студенттерге заң аясындағы құқықтары мен міндеттері туралы мәлімет беріп, өмірлік маңызы зор кеңестермен бөлісті.
