Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізілді және жастардың еңбекке деген ынтасын арттыруға, таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілігін оятуға бағытталды. Байқауға колледждің “Мал дәрігері”, “Агроном”, “Дәнекерлеу” мамандықтарында оқитын білім алушылар қатысты. Қатысушылар өз білімдерін, кәсіби дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, байқаудың мазмұнын байыта түсті.
Байқау нәтижесінде келесі номинациялар бойынша үздік білім алушылар анықталды: “Шебер қолдар иесі”, “Болашақ шебер”, “Кәсіп иесіне құрмет”. Жеңімпаздар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, жастардың мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауына және кәсіби қалыптасуына зор ықпал етті.
