03.09.2026 года состоялась встреча со студентами Кордайского сельскохозяйственного колледжа, проживающими в общежитии.

В ходе встречи были затронуты актуальные проблемы, часто встречающиеся среди молодёжи: буллинг, вымогательство, насилие и правонарушения. Студентам подробно разъяснили последствия противоправных действий и ответственность перед законом. Было отмечено, что необходимо защищать права каждого человека и не бояться обращаться за помощью Читать дальше …

Жамбыл облысының 85 жылдығымен Ноғайбай бидің 190, Балуан Шолақтың 160 жылдығына орай « Мен Алаштың ұлымын » аудандық байқауы өтті. Қордай ауылшаруашылық колледжінің студенттері қатысып, Тұрғын Нұрбек 2 орын иегері атанды және Алиахмет Нұрдулығат « Шымыр жігіт » номинациясына иеленді. Алғыс хатпен колледж директоры Кенжебеков Даурен Уалиевич және жетешкісі Жамбырбай Айзада Шорабекқызы марапатталды.

Жамбыл облыс әкімдігінің білім басқармасының қолдауымен. Қордай ауылшаруашылық колледжінің директоры Д.У.Кенжебеков Беларусь мемлекетінің Республикалық кәсіптік білім беру институтының (РИПО) ұйымдастыруымен “Аграрлық секторда кадрлар даярлауды жетілдіру” тақырыбында өткен іс-шараға қатысты.Кездесу барысында РИПО ректоры В.Н ГолубовскименБеларусия мемлекетінің алдынғы қатарлы колледждердің базаларымен және оқу- тәжірибелік процесстерімен танысты.Сонымен қатар, іс сапар барысында, екі елдің кәсіптік оқу орындарының арасында Қордай ауылшаруашылық колледжі мен Смилович мемлекеттік аграрлық колледж арасында халықаралық меморандумға қол қойылды.

Студеттер күніне орай аудан әкімі Болатбеков Бекзат Сейсенқұлұлы «Бүгінгі білімгер – ертеңгі әріптес» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білімгерімен кездесті. Студенттердің аудан әкімімен кездесуі – жастардың болашаққа бағытталған маңызды іс-шарасы.Бұл кездесу білім алып жатқан жастардың ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысуына, әкімдік қызметінің негізгі бағыттарын түсінуіне, сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылауына мүмкіндік береді.Әдетте мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты:- Студенттер мен жергілікті басқару органдары арасындағы байланыс орнату;- Жастарды ауданның дамуына белсенді түрде атсалысуға шақыру;- Студенттерді болашақта мамандық таңдаудан қателеспеуін , өз жұмысын сүюге кеңес беру;- Жастардың идеялары мен ұсыныстарын тыңдап, олардың қоғамдағы рөлін арттыру.Сонымен қатар, колледжіміздің белсенді студенттері өздерінің сұрақтарын қойып, пікір алмасуға қатыса алды.Кездесу соңында аудан әкімі студенттермен естелікке суретке түстіп, белсенді жастарға ризашылығын білдіртті.

Жыныстық жолмен жұғатын аурулардың алдын алу мақсатында «Жыныстық қарым қатынас арқылыжұғатын жұқпалы аурулар » тақырыбында колледждің студент қыздарына түсіндірме жұмысы жүргізіліп, баяндама оқылып, кеңес берілді.