Директор

Аты-жөні: Айжарыков Абилкайыр Азыимұлы.                                                  

Қызметі:  Қордай ауылшаруашылық колледжінің директоры.

 

Білімі. 1)Жоғары білім:Қазақ қатынас жолдары университеті, 2013–2016 жж.

                  Мамандығы: Электр энергетикасы;

               2) Арнаулы орта білім:Алматы мемлекеттік энергетика және  электрондық

                 технологиялар колледжі (АГКЭиЭТ), 2009–2013 жж.

                  Мамандығы: Техник-электрик; 

 

Еңбек өтілі:   

  1. 2014–2016 жж.«Kerneu Limited» ЖШС, электр желілерінің монтажшысы;
  2. 2016 ж  Алматы энергетика және электрондық технологиялар колледжі:

         — өндірістік оқыту шебері;

         — 2024 жылғы қарашадан бастап оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары;  

         — 2025 жылғы маусымнан бастап – оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директордың   орынбасары.

  1. Қазіргі таңда Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Қордай ауылшаруашылық  колледжі» МКҚК директоры.

Жалпы еңбек өтілі: 10 жыл, педагогикалық өтілі: 10 жыл

Санаты: педагог-сарапшы.

Біліктілікті арттыру және оқыту:

  1. Венгриядағы Дьюла Андраши университетінде дуальды оқыту бағыты бойынша оқу, 108 сағат, 2024 жыл.
  2. Германияның Гамбург қаласында электр жүйелерін есептеу және талдау бойынша семинар, 2024 жыл.
  3. WorldSkills сарапшыларын халықаралық сертификаттау курсы, 36 академиялық сағат, 2024 жыл.
  4. Білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсы («Білім берудегі менеджмент»), 80 академиялық сағат, NIS Center of Excellence, №198332, 2026 жыл.
  5. WorldSkills стандарттары бойынша сарапшыларды даярлау және сертификаттау, 36 академиялық сағат, «Talap» КеАҚ, 2026 жыл.

 

 

Ғылыми-әдістемелік қызметі және жарияланымдары:

  1. «Электр станцияларының және қосалқы станцияларының электр жабдықтарын пайдалану» тақырыбындағы әдістемелік ұсынымдардың авторы, Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы, №30, 2026 жыл.
  2. «Электр энергиясы көздерінің баламалы түрлері» тақырыбындағы мақала, «Кәсіптік мектеп» журналы, №1–2, 2021 жыл.

Марапаттары мен алғыс хаттары:

  1. Білім беру жүйесіне және жас ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне, сондай-ақ тәуелсіз еліміздің рухани және әлеуметтік дамуына қосқан үлесі үшін Алматы қаласы Білім басқармасының Алғыс хаты.
  2. Жалпыұлттық референдум аясында «AMANAT» партиясының Алғыс хаты, 2022 жыл.
  3. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау науқанына белсенді қатысқаны үшін «Nur Otan» партиясы атынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хаты, 2021 жыл.
  4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасы, 2024 жыл.