“Кел,дос болайық!” акциясы аясында “Адамгершілік-асыл қасиет” тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.Мақсаты: Қатысушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, достық пен сыйластықтың маңыздылығын түсіндіру.

Психолог қатысушыларды қарсы алып, тренинг мақсаты мен мәнін түсіндіреді.

“Жылы шеңбер” жаттығуы
Қатысушылар шеңберге тұрып, бір-біріне жылы сөздер айтады. Мысалы, “Сен мейірімді адамсың”, “Сенің күлімдеуің маған қуаныш сыйлайды”.

Психолог адамгершілік қасиеттер туралы айтып, оның қоғамдағы, достықтағы рөліне тоқталады. Ой салады: “Адамгершіліктің маңызы қандай?”, “Қалай адамгершілікті көрсете аламыз?” деген сұрақтар қойылады.

Қатысушылар тренингтен алған әсерлерін ортаға салып, алдағы уақытта қалай жақсырақ дос және адам болуға тырысатынын айтты. Психолог тренингті қорытындылап, достық пен адамгершілікті ұмытпайық деген тілек білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *