✨2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күніне арналған он күндік марафон аясында біз де «Елдік Челлендж» біртұтас «Алғыс лентасына» үн қосамыз.

✨Құрметті әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!Білім беру саласындағы адал еңбектеріңіз үшін зор алғыс айтамыз. Еңбектеріңіз жемісті болып, шәкірт тәрбиесіндегі абыройларыңыз асқақтай берсін.Қазақстанның жарқын болашағы – Сіздердің еңбектеріңізден басталады! #біздіңТжКБ#РахметҰстаз#біздіңтипо

📌 «Заң және тәртіп» жобасы аясындағы құқықтық іс-шаралары :Ауылдық округтерде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың қараусыз және панасыз қалу фактілерін болдырмау, сондай-ақ жасөспірімдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында құрылған жұмысшы топ өз жұмыс алгоритміне сәйкес жоспарлы іс-шараларын жалғастыруда.

Осы бағытта Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” және Ноғайбай ауылдық округ әкімшіліігінің қатысуымен Қордай ауылшаруашылық колледжінің білімгерлері арасында «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.Кездесу барысында жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау мәдениеті, Читать дальше …

Жамбыл облысының 85 жылдығымен Ноғайбай бидің 190, Балуан Шолақтың 160 жылдығына орай « Мен Алаштың ұлымын » аудандық байқауы өтті. Қордай ауылшаруашылық колледжінің студенттері қатысып, Тұрғын Нұрбек 2 орын иегері атанды және Алиахмет Нұрдулығат « Шымыр жігіт » номинациясына иеленді. Алғыс хатпен колледж директоры Кенжебеков Даурен Уалиевич және жетешкісі Жамбырбай Айзада Шорабекқызы марапатталды.

Студеттер күніне орай аудан әкімі Болатбеков Бекзат Сейсенқұлұлы «Бүгінгі білімгер – ертеңгі әріптес» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білімгерімен кездесті. Студенттердің аудан әкімімен кездесуі – жастардың болашаққа бағытталған маңызды іс-шарасы.Бұл кездесу білім алып жатқан жастардың ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысуына, әкімдік қызметінің негізгі бағыттарын түсінуіне, сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылауына мүмкіндік береді.Әдетте мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты:- Студенттер мен жергілікті басқару органдары арасындағы байланыс орнату;- Жастарды ауданның дамуына белсенді түрде атсалысуға шақыру;- Студенттерді болашақта мамандық таңдаудан қателеспеуін , өз жұмысын сүюге кеңес беру;- Жастардың идеялары мен ұсыныстарын тыңдап, олардың қоғамдағы рөлін арттыру.Сонымен қатар, колледжіміздің белсенді студенттері өздерінің сұрақтарын қойып, пікір алмасуға қатыса алды.Кездесу соңында аудан әкімі студенттермен естелікке суретке түстіп, белсенді жастарға ризашылығын білдіртті.

Жыныстық жолмен жұғатын аурулардың алдын алу мақсатында «Жыныстық қарым қатынас арқылыжұғатын жұқпалы аурулар » тақырыбында колледждің студент қыздарына түсіндірме жұмысы жүргізіліп, баяндама оқылып, кеңес берілді.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттер арасында «Жас турист» атты облыстық байқаудан 1 курс студенті Алиахмет Нұрдулығат Нұрболұлы lll орынға иеленді👏🏻Жетекшісі: Жамбырбай Айзада Шорабекқызы Алғыс хатпен марапатталды👏🏻

Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің » Тілдерді оқыту орталығы» 25 қазан — Республика күніне орай Қордай аудандық колледжі студенттері арасында «Менің Отаным — менің Қазақстаным» тақырыбында өлеңді мәнерлеп оқудан өткен байқауға қатысқан үшін Валентина Г.К, Эзра Т.Д алғыс хатпен марапатталды.Жетекшілік еткен: Калиева Н.Б және Құттыбаева Р. Сәттілік тілейміз.